Дүйсенбі, 28 сәуiр, 06:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30, 2142
26.04.2025
PDF мұрағаты

Жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

27.04.2025

103 0

Фото: istockphoto

Мьянмада 21 жастағы TikTok астрологы Джон Мо Те жер сілкінісін болжағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

NDTV дерегінше, ол 9 сәуірде орын алған 7,7 баллдық жойқын жер сілкінісінен кейін тағы да ірі дүмпу болады деп ескерткен.

Джон Мо Те 21 сәуірде «Мьянмадағы әрбір қалаға жер сілкінісі әсер етеді» деп хабарлап, адамдарды маңызды заттарын алып, ғимараттардан қауіпсіз жерге көшуге шақырды. Оның TikTok-та жарияланған бейнесі үш миллионнан астам қаралым жинады.

Көптеген тұрғындар оның ескертуіне сеніп, 21 сәуірде көпқабатты үйлерден қашық жерлерде уақытша лагерьлер құрды. Сол күні астролог рейд барысында ұсталып, TikTok-тағы аккаунты өшірілді.

Қазіргі уақытта жер сілкінісі мен гуманитарлық дағдарыс Мьянманың қалпына келу процесіне айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: