2025/2026 оқу жылынан бастап сырттай оқуға қабылдау тоқтатылады. Бұған дейін сырттай оқуға түскен студенттер білім алуды қалыпты тәртіппен жалғастыра береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес, сырттай оқудың орнына балама білім беру түрлері дамитын болады. Алайда мұндай білім беру түрлеріне қабылдау күндізгі бөлімге қабылданатын студенттердің 50 пайызынан аспауы тиіс. Белгіленген квотадан артық қабылдау білім беру мекемесінің лицензиясынан айырылуына әкелетін өрескел құқықбұзушылық ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, барлық жоғары оқу орындарында – меншік түріне немесе ведомстволық бағыныштылығына қарамастан – білім сапасын бақылау жөніндегі арнайы бөлімдер құрылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!