Сейсенбі, 17 маусым, 23:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

«Жойқын соққы жасалады»: Трамп Иранға сес көрсетті

17.06.2025

77 0

Фото: El.kz

Дональд Трамп Иранға сес көрсетті, деп жазады El.kz интернет порталы.

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға шабуыл жасалса, оның салдары Иран үшін ауыр болатынын мәлімдеді. Бұл туралы CBS News телеарнасының журналисі Дженнифер Якобс X (бұрынғы Twitter) желісінде хабарлады.

Журналист Трамптың сөздерін президенттік ұшақ бортында айтқанын атап өтті. Америкалық көшбасшының сөзіне қарағанда, егер Иран америкалықтарға қандай да бір зиян келтірсе, АҚШ «жойқын соққы жасайды».

Бұған дейін Иран мен АҚШ арасында келіссөз өтпейтіні айтылған. Артынша Израиль Иранды атқылай бастады, соның салдарынан 70-тен астам әйел мен бала көз жұмды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: