Камчаткадағы жер сілкінісінен кейін Жапония жағалауына 4 кит шығып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Камчатка жағалауында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Жапонияның Тиба префектурасындағы жағалауға 4 кит шығып қалған.
Жергілікті тұрғын Хейсаура жағажайында (Татэяма қаласы) серфингке дейін толқын жағдайын тексеруге келгенде, жағада жатқан 4 сүтқоректі жануарды байқаған.⠀
Бұған дейін де жағалауға шығып қалған китті көргенмін, бірақ алғаш рет бірден төртеуін көріп тұрмын, – дейді ол.
Еске сала кетейік, Камчатка жағалауында магнитудасы 8,7 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Аймақта цунами қаупі жарияланды.
Жапонияның жағалау аймақтарында да сейсмикалық белсенділікке байланысты қауіп жоғары күйінде қалып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!