Бейсенбі, 15 мамыр, 13:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

1 маусымды мемлекеттік мереке ретінде бекіту ұсынылды

15.05.2025

72 0

Фото: depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Кенжегүл Сейтжан 1 маусымды мемлекеттік мереке ретінде бекітуды ұсынып, премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынады.

“Мемлекет басшысы қазақстандық жас ұрпақты дамыту мәселесіне бірнеше рет назар аударған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан адами капиталды дамыту мен жаңа буынды лайықты тәрбиелеуге басымдық беріп отыр. Балаларды қорғау күнін мемлекеттік деңгейде атап өту осы басымдықтардың қоғамдық санада бекітілуіне ықпал ете алады. Балалар – елдің стратегиялық ресурсы әрі болашағының негізі. Олардың қауіпсіз, дені сау және жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болуы тиіс. Осы тұрғыда Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ерекше маңызға ие. Аталған шараны енгізу арқылы Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесін мемлекеттік күн тәртібінде айқындай аламыз. Ата-аналардың балаларымен көбірек уақыт өткізу мүмкіндігі арқылы отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайтып, балалардың құқықтарын қорғау, олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі мәселелеріне қоғам назарын арттыруға болады”, – дейді депутат. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: