Швейцарияда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық орындарда паранжа мен никаб секілді бет-әлпетті толықтай жабатын киімдерді киюге тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Енді паранжа мен никабты дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге болмайды. Дегенмен, бетті жабатын киімдерді культтық орындарда, карнавалдарда немесе суықтан қорғану мақсатында қолдануға рұқсат етілген. Ереже бұзғандарға 100-ден 1000 швейцарлық франкке дейін (110-1102 АҚШ доллары) айыппұл салынады», — деп жазады басылым.
Бұл шектеуді енгізу бастамасы 2021 жылдың наурызында өткен референдумда мақұлданған болатын. Сол кезде сайлаушылардың 51,2%-ы тыйымды қолдап дауыс берді.
«Швейцария президенті Карин Келлер-Зуттердің айтуынша, бұл тыйым елдегі 400 мың мұсылманның аз ғана бөлігін қамтиды. Оның мәліметінше, елде никаб киетін әйелдердің саны шамамен 20-30 адамды құрайды», — деп жазылған мақалада.
Айта кету керек, Швейцария осындай тыйым салған Еуропа елдерінің қатарына қосылды. Мұндай ережелер Австрия, Бельгия, Болгария, Дания және Нидерландыда да қолданылады. Ал Франция бұл тыйымды 2011 жылы бірінші болып енгізген еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!