Жұма, 22 қараша, 18:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

12 қазанға арналған жұлдыз жорамал

12.10.2023

571 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, алаңдамаңыз: бұл уақытша құбылыс. Дәрумендер ішіңіз, ал кешке шай ішіңіз. Суық маусымға сәнді бас киім таңдаңыз: бас киімдерге көңіл бөлмеу дұрыс емес, олар шашыңызды сау ұстауға мүмкіндік береді, бұл сәндеуден әлдеқайда маңызды.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге сапалы тұрмыстық химия сатып алыңыз, бұл үйді жинау кезінде жұмысыңызды айтарлықтай жеңілдетеді. Бүгін өмірлік серігіңіз ретінде таңдаған адамыңызбен бірге болашаққа жоспарлар құруға таптырмас күн.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста толассыз жұмыс жасаған тиімді. Осы жайлы жиі ойланып, серіктесіңізді қуантудың тәсілдерін ойластырып жүргеніңіз абзал. Десе де өз қалауыңызды да ұмытпаңыз. Жағымсыз естеліктер шақыратын заттардан арылыңыз. Осылайша айналаңыздағы кеңістікті жағымды эмоциялар үшін тазартасыз және бұл қадамыңызға еш өкінбейтін боласыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Көңіл-күйіңіз болмаса, қысқа әрі қарқынды физикалық жаттығулар жасап көріңіз: YouTube-тен физикалық жаттығуға қатысты он минуттық бейнеролик таңдап, энергияны сыртқа шығарыңыз. Бұл уақытты тиімді өткізуге әрі көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Әр нәрсені байыппен шешуге тырысыңыз. Қателік жібермес үшін, жауапкершілікке баса мән беріңіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жоспарлар құрыңыз, оларды отбасыңызбен талқылаңыз, бірге әрекет етіңіз. Кешті бірге фильм көру немесе ойын ойнау арқылы өткізіңіз. Қарым-қатынаста өз тілектеріңізді айтуда батыл болыңыз – серіктесіңіз сізді тыңдауға дайын.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Уақытыңызды бөліп, дене бітіміңіздің барлық артықшылығын көрсететін ыңғайлы әрі әдемі шомылу киімін сатып алыңыз. Дүкендегі кеңесшілердің көмегіне жүгініңіз. Бұл сатып алу денеңізді көбірек жақсы көруге мүмкіндік береді. Өзіңізді жақсы көретініңізді әрекетпен көрсетіңіз. Өзіңіз көптен армандаған нәрсені сатып алыңыз. Сіз оған лайықсыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз. Жұмыс істеп жатқанда ұялы телефонды көз алдыңыздан алып тастаңыз, сонда өнімділігіңіз айтарлықтай артады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сәттілікке толы күн. Қолыңыздан келмей жүрген шаруаларды еске түсіріп, тағы бір байқап көріңіз, осы жолы бәрі ойыңыздағыдай болады. Жылжымайтын мүлік және жөндеу жүргізу мәселелерін қолға алыңыз, бәрі жақсы болады. Үнемі жақсы көңіл-күйде жүруге міндеттімін деген ойдан арылыңыз: адамның түрлі көңіл-күйде болуы – қалыпты жағдай, сондықтан жақсы көңіл-күйде жүргендей кейіп танытудың еш қажеті жоқ. Қандай жағдай болмасын, өз көңіл-күйіңізді сол күйінде қабылдаңыз, өзіңізді кінәламаңыз және шынайы сезімдеріңізді білдіруден тосылмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Ауа райына сай киінуге тырысыңыз және «журналдағы» сәнді қумай, денсаулығыңызға мән беріңіз. Өкпе-ренішті сақтамаңыз. Серігіңізге барлық өкпеңізді ашық айтып, еш ашу-ызасыз түсіндіріңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Кем дегенде бір апта бойы күніне 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз, сонда сіздің сыртқы келбетіңіз қаншалықты оң өзгеретінін көресіз. Достарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз: бәлкім олардың бірінің денсаулығында кінәрат бар және дәрігерге бару үшін немесе өзіне көмектесер жақсы маман іздеу үшін оған сіздің көмегіңіз қажет болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Таңғы уақыт нәтижелі болмақ. Бұған дейін шешімі табылмай келген мәселелерді қолға алсаңыз болады. Көптен бері істегіңіз келмей жүрген жұмыстарды реттеңіз. Десе де өзіңізге шамадан тыс жүктеме артпаңыз және сергек болуға тырысыңыз. Көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге ұялмаңыз: қандай да бір ортақ іске бей-жай қарамайтын адамдарды оңай табуға, біріктіруге және басқаруға болады. Сізге көмектесуге дайын ықпалды адамдар сіздің идеяларыңызды жақсы бағалайтын болады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, ешбір жағдайда өз бетіңізше емделуге болмайды, бұл денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін, одан да маманға хабарласыңыз. Жақын арада жақсы ақша табуға мүмкіндік туады. Жұмыстағы кейбір тұстар сізді алаңдатады, бірақ алаңдауға нақты себеп жоқ.

Ақпарат дереккөзі:kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: