Сәрсенбі, 27 қараша, 00:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

14 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

14.09.2023

512 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін екінші жартыңызды немесе сүйіктіңізді өзіңіздің проблемаларыңызбен шаршатпаңыз. Оның өзі де проблемалардан көз ашпай жүруі мүмкін. Жұмыс пен уайым күткеннен де көп болады. Ашуланбаңыз, асығыстық таныту мен шатасудан аулақ болыңыз. Жұмыстарыңызға егжей-тегжейлі жоспар құрыңыз және оны қатаң түрде орындаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін достарыңызбен кездесуді кейінге қалдырғаныңыз дұрыс: олардың бірінің әңгіме-дүкен құруға көңіл-күйі болмай, нәтижесінде кездесу ойдағыдай өтпеуі мүмкін. Мүмкін болса, күнді өзіңге арнаңыз, жоспарланбаған кездесулерден бас тартыңыз: эмоционалды жеңілдеуді сезіну артық етпейді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Адамдармен тіл табысу тұрғысынан сәттілік күтіп тұр. Пайдалы ақпарат қолыңызға түседі, болашақта кәдеге жарар жаңа дағдыны үйренесіз. Қиялға ерік беріңіз және армандаудан қорықпаңыз. Түстен кейін бұрынғы тірліктеріңізді жалғастырсаңыз болады. Ұйқыңыз бұзылып жүрсе, жатын бөлмедегі температураға назар аударыңыз: салқын бөлмеде ұйықтау жақсы, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз және тым қалың көрпе жамылып ұйықтамаңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде мақсатты жаттығуларға төзімділік болмаса, 10-қабаттан төмен тұратын болсаңыз, ең болмаса лифтсіз жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Бұл күнделікті шағын жаттығуды алмастырып, сізді әлдеқайда төзімді етеді. Жақындарыңызбен отбасылық мерекелерді тойлау мәселесін алдын ала ойластырыңыз. Туғандарыңызды қуантудан жалықпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге және отбасыңызға мейірімділік танытыңыз. Барлығын тыңдап, жақсы кеңес беріңіз. Жауапкершіліктен қорықпаңыз. Кешті бірге өткізіңіз, махаббат пен отбасылық құндылықтар туралы фильм көрсеңіз болады. Достарыңызға моральдық қолдау көрсету қазір сізге қиын болса, мұны жасырмаңыз, бірақ жағдайды жұмсақ түрде түсіндіріп айтыңыз, оның мәселелерін талқылауды екеуіңізге де ыңғайлы уақытқа жылжытуды ұсыныңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзгелердің ішкі жан-дүниесіне баса назар аударғаныңыз дұрыс: өзгенің орнына өзіңізді қойып көріңіз, осылайша оның сезімін түсінетін боласыз. Иммунитетті дәрумендер мен қоректік заттармен көтеріңіз. Шаршағаныңызды ыстық ванна мен бір шыны шай басады.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Өткенді ойламай, жағымсыз ойлардан, жаман әдеттерден арылу арқылы өміріңізді жақсарта аласыз. Спортпен шындап айналысуға шешім қабылдаңыз, жаттығу залына абонемент сатып алыңыз. Тосын сыйлар мен жағымды сәйкестіктерді күтіңіз. Ойлағаныңызды жүзеге асырудың жолын табасыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жұмыста шыдамды болыңыз: бүгін командада шиеленіс болуы мүмкін, бірақ сізге дауды асқындырушы болудың қажеті жоқ. Бүгін сіз эмоцияларға ерік бере аласыз, олар қандай болса да, өкінбейсіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Кешке қарай ұйықтау қиын болса – тас қараңғыда ұйықтап жүргеніңізге көз жеткізіңіз. Ұйықтар алдында перделерді жабыңыз немесе маскада ұйықтауға дағдыланыңыз. Бұл ұйқының сапасын айтарлықтай жақсартады. Құжаттар жинақталған папкаңызды реттеңіз. Бұл сізге ұнайтын тірлік болмаса да, кейін бәрін реттеп қойғаныңызға риза боласыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Әлеуметтік желідегі хабарландыруларды өшіріңіз, бұл сізге жұмысқа көңіл бөлуге, оны жақсырақ орындауға және басшылықтан мақтау естуге мүмкіндік береді. Баланы өз мысалыңызда кітап оқуға баулыңыз. Кішкентай балаларды тартымды суреттері бар, мұқабасы әдемі кітаптармен қызықтыруға болады. Бірақ өзіңіз кітап оқымасаңыз, оны мәжбүрлемеңіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулықтан артық байлық жоқ. Бірінші байлыққа мән беріп, кезекті тексерілуден өтіңіз. Эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Проблемаларыңызды асыра айтып, достарыңыздың басын қатырмаңыз. Даналық пен шыдамдылық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін өз ата-анаңызды кей қателіктері үшін кешіруге уақыт арнауға болады. Өкпе-ренішті жинауға болмайды. Сол үшін ішіңіздегіні ашық айтып, сыртқа шығаруыңызға болады. Достарыңыздан хабар күтпей-ақ, өзіңіз оларға хабарласыңыз.

Ақпарат көзі:nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: