Сурет:ашық дереккөзден алынған
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Серіктесіңіздің ашық әңгімесі сізге кері әсерін тигізуі мүмкін болса, онда оның сырын тыңдамай-ақ қойыңыз. Түрлі даулардан сақ болыңыз. Уақытыңызды бөліп, дене бітіміңіздің барлық артықшылығын көрсететін ыңғайлы әрі әдемі шомылу киімін сатып алыңыз. Дүкендегі кеңесшілердің көмегіне жүгініңіз. Бұл сатып алу денеңізді көбірек жақсы көруге мүмкіндік береді.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Өз сүйіктіңіздің жағымсыз тұстарын қабылдауды үйреніңіз. Бұл кемшіліктері болмаса, бәлкім сіз оны сүймес едіңіз. Сақ болыңыз және заттарды өз орнына қойыңыз: бүгін кілтіңізді немесе басқа да маңызды ұсақ-түйектерді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Әлеуметтік желіден бір күн демалыңыз, бұл сіздің психикалық денсаулығыңызды жақсартуға сеп болады. Бүгінгі оқиғалардың басым бөлігі ойлағаныңыздан асып түседі және жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сәттілік серігіңз болады, сондықтан бұл уақытты пайдаланып, маңызды мәселелерді шешіңіз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жоспарланған достық кездесуден бас тарта көрмеңіз, өйткені осылайша уақытты жақсы өткізуге кепілдік бар, ал егер үйде жалғыз қалсаңыз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. Жұмысқа барып келуді қоспағанда, күніне кемінде 10-15 минут қысқа серуенді ережеге айналдырыңыз. Бұл уақыт сіздің эмоционалдық және физикалық күйіңізге оң әсер етеді.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз. Бейнекүнделік бастау мүмкіндігін қарастырыңыз: бірнеше секундтық видео түсіруге және оны оңай фильмге айналдыруға мүмкіндік беретін қосымшалар бар. Бұл өміріңіздегі ең қуанышты және маңызды оқиғаларға назар аударуға және оларды жадыңызда сақтауға мүмкіндік береді.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз соңғы уақытта достарыңызға аз көңіл бөлсеңіз – олардан кешірім сұраңыз, сіздің мінез-құлқыңыз оларды ренжіткен болуы мүмкін, бірақ олар оны білдіртпеуге тырысты. Кешке өте жағымды оқиғалар болады. Романтика мен қамқорлық жүрекке жылу сыйлайды.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Денсаулығыңызды күтудің оңай жолын көптен бері іздеп жүрсеңіз, шөп шайларына назар аударыңыз. Кез келген дәріханада сіз шайды дәміне қарай таңдап ала аласыз, бұл сіздің денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі. Еш уақытта жасөспірім балаңыздың компьютерін немесе телефонын ақтармаңыз. Ол үшін қатты уайымдап тұрсаңыз да олай жасамаңыз. Олар бұл әрекетіңізді байқап қойса, сізге сенбейтін болады.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Суық маусымға сәнді бас киім таңдаңыз: бас киімдерге көңіл бөлмеу дұрыс емес, олар шашыңызды сау ұстауға мүмкіндік береді, бұл сәндеуден әлдеқайда маңызды. Бүгін барлық жұмысыңыз өрге жүзеді, бұл мүмкіндікті пайдаланып, күнді барынша тиімді өткізіңіз.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгінгі күнді отбасыңызбен өткізіңіз. Қарым-қатынас жасауға, қамқорлық жасауға, болашаққа бірлескен жоспарлар құруға уақыт бөліңіз. Өз жартысын іздеп жүргендер үшін бүгін ешкіммен кездеспеген абзал. Өзіңіздің серігіңізбен кездесу туралы келіспес бұрын, алдын ала оның қандай адам екенін біліп алыңыз.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Кешке тамақ ішуге тырыспаңыз. Тән мен жан саулығын қалпына келтіру үшін ерте жатыңыз. Сүйіктісін енді тапқан жандар одан не күтетініңізді айқындап алыңыз. Қалауыңызға мән беріңіз. Тек ашық әңгіме арқылы ғана дұрыс қарым-қатынас құруға болады.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Таңертең маңызды мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз, өйткені сіз арандатушылыққа оңай берілесіз. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста ішкі тепе-теңдікті сақтау қиын. Кешке қарай ұсақ-түйекке көп алаңдамайтын боласыз, сондықтан бұл шешім қабылдау үшін ең жақсы уақыт. Кез келген жағдайға дайын жүру үшін түйіндемеңізді жаңартып қойыңыз: жақын арада мамандығыңыз бойынша қызықты бос орын табасыз.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңізді қуанту үшін оның не қалайтынын сұрау – әбестік емес. Бұл жақын адамыңыздың көңілін көтереді және осылайша арақатынасыңыз жақсарады. Өзіңізді релаксациямен емдеңіз: кешкі аста классикалық музыка қосып, жеңіл десерт жеңіз. Шөптен жасалған шай ішіңіз.
Ақпарат көздері: kaz.nur.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!