Жұма, 27 желтоқсан, 05:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

15 қазанға арналған жұлдыз жорамал

15.10.2023

674 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Үйдегі ұсақ-түйек кикілжіңдерден құтылудың жақсы тәсілі – олардың бірін жоғалтып алудан қорқу. Осыны елестетіп көріңіз де, жақындарыңызға оларды қалай жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Жаңа адамдармен танысып, олармен дос болып кетуіңіз мүмкін. Өтініш айтып келгендердің бәрін сабырмен тыңдаңыз. Барлығына көмектесу міндетті емес, бірақ жақсы іс жасау керек.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін биік өкшелі емес ыңғайлы аяқ киімді таңдаңыз: күннің соңына қарай сіз өзіңізге риза боласыз. Үйде шағын мереке ұйымдастырңыз. Себепсіз кішігірім сыйлықтар немесе дәмді кешкі ас жасаңыз. Жақындарыңыз сіздің назарыңызға лайық.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Кішігірім мәселелер туындап, жұмысыңызға кедергі жасауы мүмкін. Қақтығыстардан бойыңызды аулақ ұстаңыз, конструктивті қарым-қатынас жасаңыз. Жаңа достар мен одақтастар пайда болады немесе жақсы бизнес тандемі қалыптасады. Қаржылық шешімдерді келесі аптаға қалдырыңыз. Біліміңізді толықтырыңыз.

Өзіңізді романтикалық фильмнің кейіпкеріндей сезініңіз. Сүйіктіңізбен қаланың сыртына шығып, романтикалық кеш ұйымдастырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жаныңыздағы адамдарға жақсы болып көріну үшін өз болмысыңызды өзгертуге тырыспаңыз. Сіз осы қалпыңызда махаббатқа лайықсыз. Тілектеріңізді жазып, олардың орындалатынына сеніңіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызбен бірге дүкен аралап, жаңа киім-кешек немесе заттар сатып алуға қолайлы күн. Көңіл-күйіңізді көтеретін сатылым жасаңыз. Егер сіз үшін соңғы уақытта «киетін ештеңе жоқ» деген мәселе өзекті болса, өзіңізге капсулалық гардероб жасау уақыты келді. Осы тақырып бойынша мақалаларды оқыңыз, және сіз оны стилистердің көмегінсіз де жасай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңіздің екінші жартыңызға қаншалықты риза екеніңізді айтып қойыңыз. Еш қысылмаңыз, ол бұған мұқтаж. Ұйқыдан ояна сала төсегіңізді жинауды әдетке айналдырыңыз: бұл күніңіздің өнімді болуына септігін тигізеді.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Сүйікті адам романтикаға бейім, сондықтан бүгін ашық болудан, сіз үшін өте маңызды нәрсені талқылаудан қорықпаңыз. Мазалаған мәселелер өткеннің еншісінде қалады. Жеңіл және жайлы күн күтіп тұр : шопинг жасаңыз, романтикалық кешкі ас ұйымдастырыңыз, сүйіктіңізді таң қалдырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз үшін тыныштық бәрінен маңызды. Асықпаңыз, әр ісіңізге ойланып барып кірісіңіз. Тек осылай ғана сіз жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін не істеу керектігін түсінесіз. Егер сіз ұзақ уақыт бойы спортпен айналысқыңыз келсе, бірақ жаттығу залына көп ақша жұмсап, жаттығуларды жіберіп алудан қорықсаңыз, көптеген спорт залында бірінші сабақ тегін екенін ұмытпаңыз. Сіз бірнеше жерге барып, өзіңізге ұнайтын жаттықтырушы мен жаттығу түрін таңдай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Шынайылық, сабырлылық және адалдық отбасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Егер сіз ұзақ уақыт бойы арықтауға тырысып келсеңіз, бірақ сіздің күш-жігеріңіз нәтиже бермесе, диетологпен кеңесіп көріңіз. Маман сізге теңдестірілген ас мәзірін жасап береді, ол міндетті түрде нәтиже береді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста шынайы болыңыз, өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге тырыспаңыз. Болмысыңыздан алшақтап кетпеңіз. Егер сіз көптен бері кітап оқуды бастағыңыз келіп жүрсе, бүгін уақытыңызды кітап оқуға арнауға жақсы күн. Сатып алған кітабыңыз өзіңізге ұнайды, сіз оны оқып бітіресіз, ал оқу әдетке айналады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыз бөлмесін таза ұстай алмаса, оларды ынталандыру үшін түрлі тәсілдер пайдаланыңыз. Матаның құрамына назар аударыңыз: үтіктеуді ұнатпасаңыз, құрамында зығыр, жібек, мақта және вискоза бар мыжылған заттарды сатып алмаңыз, әйтпесе жаңа көйлек бірінші жуудан кейін шкафта ілулі қалады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізбен пікірлес адамдарды тауып, олармен біріге аласыз. Жұмысыңызда елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Жақсы танымайтын адамдармен абай болыңыз. Негативке назар аударуды қойып, достарыңызға қоңырау шалсаңыз, көңіл күйіңіз бірден көтеріледі.

Ақпарат көздері: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: