Кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсетілді деген ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды, – деп хабарлайды yk.kz сайты.
Полиция департаменті зорлау дерегін растады. Күдікті қамауға алынған.
Өскемен қалалық әкімдігінің Ертіс полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды.
Істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға іс жүргізу әрекеттерін жасау немесе іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы өтініш хатпен жүгінуге құқылы.
Сондай-ақ, полицейлер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайтынын мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!