Бейсенбі, 07 қараша, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

16 қазанға арналған жұлдыз жорамал

16.10.2023

830 0

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жаңа таныстардан абай болыңыз: адамды өзі туралы айтқан сөздерімен емес, іс-әрекетімен бағалаңыз. Барлық қаржыға қатысты мәселеңіз шешімін табады, бұл кірісті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіппен айналыспаңыз, ұсақ-түйектерге мұқият болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жақсы адамдармен танысыңыз. Бүгін қарым-қатынас жасау оңай. Өзіңізге қуаныш сыйлаңыз, бүгін сіз еркелейтін күн. Десе де шектен шықпауға тырысыңыз және ұсақ-түйекке көп ақша жұмсамаңыз. Кейінірек бұл қаражат әлдеқайда маңызды дүниелерге қажет болады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?Кешке тамақ ішуге тырыспаңыз. Тән мен жан саулығын қалпына келтіру үшін ерте жатыңыз. Маңызды шешім қабылдайтын күн. Жұмыс, лауазым, үйіңіз немесе қоршаған орта арасында таңдау жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін дене шынықтырумен айналысу сізге жақсы әсер етеді. Дәстүрлі медицина көмегімен денсаулықты қалпына келтіру қиын емес. Бүгін айтарлықтай қиындықтар бола қоймайды. Сіз ескі мәселелерді шешуге көмектесетін күтпеген жағдайлар мен оқиғаларға тап боласыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Тұрмыстық мәселелерді шешуге, ақша жұмсауға тура келеді. Ең болмаса аз уақытқа тәттіден бас тартыңыз: ол сіздің сымбатыңызға және денсаулығыңызға жақсы әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өз жұмыстарыңызды тиімді ұйымдатсыру тұрғысынан қиындықтар туындаса, арнайы органайзер қосымшасын жүктеп көріңіз, бұл сіздің өміріңізді айтарлықтай жеңілдетеді және үйіңіздегі жайлылықты сақтауға септігін тигізеді. Өзгелермен қарым-қатынаста қателіктеріңізді мойындаудан қорықпаңыз: бәріміз пендеміз және қателесуге құқығымыз бар. Ең бастысы, уақытында кешірім сұрап, қайталамауға тырысу.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Өз сүйіктіңіздің жағымсыз тұстарын қабылдауды үйреніңіз. Бұл кемшіліктері болмаса, бәлкім сіз оны сүймес едіңіз. Бүгін ұзақ уақыт араласпаған ескі танысыңызды кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Мүмкін болса, қала сыртында демалыңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз, көптен бері кейінге қалдырған кездесуге барыңыз, саябақта серуендеңіз, ашық көрмеге барыңыз. Егер сізді денсаулығыңызда бірнәрсе мазаласа, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, оның салдары болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Сақ болыңыз: созылмалы аурулар маусымға байланысты өршуі мүмкін. Сүйіктіңізге сыйлық сыйлау жағын ойластырсаңыз, оның қалауын ескеруді ұмытпаңыз. Тіпті оның қалағаны сіздің көңіліңізден шықпаса да, оған ұнауы мүмкін заттарға бір уақ мән беріңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Үйдегі міндеттер барлық отбасы мүшесіне теңдей үлестірілгенін қадағалаңыз. Тұрмыстың барлық проблемасын өзіңіз ғана көтермеңіз. Егер сіз өзіңізді дәмді тағаммен қуанту үшін жоғарыдан белгі күтсеңіз – міне 🙂

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Егер көңіл-күйіңіз жоқ болса, тағдырға ризашылық білдіретін нәрселерге назар салыңыз. Кем дегенде 10 нәрсені есіңізге алыңыз, сонда өзіңізді жақсы сезінесіз. Өз жұбыңызды ертіп, достарыңызбен кездесіңіз. Достарыңызға да сүйіктісін ерте келуін ұсыныңыз. Достарыңызбен әрі сүйіктіңізбен бірге уақыт өткізу көңілдірек болмақ.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жұмыс тапсырмаларыңызға ерекше жауапкершілікпен қараңыз: жұмысқа атүсті қарау мансабыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Достарыңызға жиі жазып, хабарласып тұрыңыз. Жас келген сайын достықты сақтап қалу да қиынға соғады. Бірақ жақсы адамдар өмір бойы бір-бірін қолдауға дайын екенін ұмытпаңыз.

Ақпарат көздері: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: