Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

17 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

17.09.2023

580 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Достарға көңіл бөліңіз, қоңырау шалыңыз немесе хабарлама жазыңыз. Күтпеген ұсыныстар, сыйлықтар, жағымды тосын сыйлар болуы мүмкін. Маңызды қаржылық мәселелерді шешуге тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Сіз бәрін жүрегіңізбен қабылдайсыз. Кез келген ескерту, жай ғана әзіл, айналада болып жатқанның бәрі көңіліңізге қаяу түсіреді. Ашық жанжалдардан аулақ болыңыз, қарым-қатынасты сақтау үшін ымыраға келіңіз.

Жүйкеңізді тыныштандыру үшін ұйықтар алдында жылы ванна қабылдаңыз. Басыңызға массаж жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз достарыңыздың бірінен сын естуіңіз мүмкін, бірақ оған қатты мән бермеуге тырысыңыз: олардың ешқайсысы сізді ренжіткісі келмейді, олар сізге шындықты осылай жеткізуге тырысады. Өткір заттарға абай болыңыз: кішігірім жарақат алу қаупі бар.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Барлығы оңай шешіледі. Жасайтын іс көп, сондықтан олар бойынша шешім шығаруды кейінге қалдырмаңыз. Кешке қарай келісімге келу қиынырақ болады. Басы бостар ештеңеге қарамай, кездесуге баратын уақыт келді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Уақытыңызды үй шаруасына құртпаңыз, ертеңге қалдырыңыз. Өзіңізді ретке келтіріп, серуендеп, сөйлесе алатын және үнсіз түсінісе алатын жанды шақырғаныңыз жөн. Күрделі және ауқымды істерге кірісерде сақ болыңыз. Жоспар жасаңыз және сіздің нұсқаларыңызды ел дұрыс бағалайтынына көз жеткізіңіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Сүйікті жаныңызға үйде романтика ұйымдастырыңыз. Майшам астындағы кешкі ас немесе раушан жапырақтары төселген төсек секілді идеяларды пайдалануды ұмытпаңыз. Мұндай сәттер тек қана фильмде болмайтынын бір еске түсіріңіз. Дарыныңызды көрсету үшін жақсы күн. Сізге жағымситындар көп болады. Бірақ бұны шынайы пікір ретінде қабылдамаңыз, әйтпесе сан соғып қаласыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жарақат алу қаупі жоғары. Бүгін жаттығулардан бас тартқан дұрыс, бас тартпаған жағдайда барынша сақ болыңыз. Бүгін үйде күтім процедураларын жасауға қолайлы күн: тіпті қарапайым маска сізге керемет әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Құпияларыңызды ешкімге айтпаңыз. Бұрын дос деп жүргендер өздерін жаман жағынан көрсетуі мүмкін. Жаман адамдардан құтылыңыз, олар сізді артқа тартады. Үй шаруасын кейінге қалдырмаңыз, кейін оларға уақытыңыз да, қалауыңыз да болмауы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін барлығының шешімін табу жолында сіздің жеке тәжірибеңіз кәдеге жарамақ. Бәрін барынша таразыдан өткізіп, мәселелерге жауапкершілікпен қараңыз. Кез келген жағдайға бейімделуге тырысыңыз. Екінші жартыңызбен бірге шеберлік сыныбына жазылыңыз бұл уақытыңызды тиімді әрі көңілді өткізуге мүмкіндік бермек және өз хоббиіңізді де тауып қалуыңыз бек мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жаман әдеттерден бас тартатын кез келді. Өзіңізге психологиялық жеңілдік жасаңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз, кешке демалуға тырысыңыз. Табанды және шыдамды болыңыз. Бұл аз күш қажет ететін жағдайларға да қатысты. Ескі проблемалар қайтадан алдыңыздан шығады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Ата-анаңызға міндетті түрде қоңырау шалыңыз. Бұл күн сіз үшін жемісті болады. Барлық жоспарланған жобаны, ұсыныстарды, идеяларды жүзеге асыруға асығыңыз. Бұл күннің ұраны – шегінбе және берілме. Бейтаныс адамдардан көмек күтіңіз. Белсенді және ынталы болыңыз, сонда табысқа жететініңіз сөзсіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіз қалаған нәрсеге жету үшін шыдамдылық, сабырлылық және табандылық көрсетіңіз. Бүгін аса маңызды шаруаларды жоспарламаған абзал. Оларды орындауға көңіл-күйіңіз де күш-қуатыңыз да болмауы мүмкін.

Ақпарат көзі:nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: