Фото: nur.kz
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызда жаңа дәстүр ойлап табыңыз: бұл арақатынасыңызды нығайтып, көңіл-күйіңізді көтереді. Суық маусымға сәнді бас киім таңдаңыз: бас киімдерге көңіл бөлмеу дұрыс емес, олар шашыңызды сау ұстауға мүмкіндік береді, бұл сәндеуден әлдеқайда маңызды.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Көбірек су ішуге тырысыңыз, оның денсаулығыңызға қаншалықты оң әсер ететінін көресіз. Қиын болса да барлық кедергіні жеңіп, мақсаттарыңызға жетіңіз. Бұл көзқарас мансап сатысымен жоғары көтерілуге және табысыңызды айтарлықтай арттыруға көмектеседі.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Асқазаныңызды күтіңіз: артық тамақтанбаңыз, қуырылған тағамдар мен консервілерге алданып қалмаңыз. Отбасыңызға жағымды тосын сый жасаңыз, бүгін отбасыңызға барынша көп уақыт пен көңіл бөліңіз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Басы бостар ештеңеге қарамай, кездесуге баратын уақыт келді. Бүгін өз ата-анаңызды кей қателіктері үшін кешіруге уақыт арнауға болады. Өкпе-ренішті жинауға болмайды. Сол үшін ішіңіздегіні ашық айтып, сыртқа шығаруыңызға болады.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жол ортада жоспарларды өзгертуге тура келеді, бірақ бұл бірқатар мәселені шешуде пайдаға жарайды. Алаңдаушылық пен ашушаңдыққа бой алдырмаңыз, бәрі өз ретімен шешіледі. Бүгін психикалық мәселелеріңізді өз бетіңізше шешуге тырысыңыз: сіз тым сезімталсыз, ал достарыңыз сізге қажетті деңгейде қолдау көрсете алмайды, қолдау төмен болса, сізге пайдасы шамалы.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз эмоцияларға ерік бере аласыз, олар қандай болса да, өкінбейсіз. Бүгін айтарлықтай қиындықтар бола қоймайды. Сіз ескі мәселелерді шешуге көмектесетін күтпеген жағдайлар мен оқиғаларға тап боласыз.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бойдақтарға кеңес: егер біреу назар аудара бастаса, құлай ғашық болуға асықпаңыз, алдымен араласып, оны жақынырақ тануға тырысыңыз. Тұрмыстық кеңес: егер сізде әлі мультиварка болмаса, бұл ас үй құрылғысына назар аударыңыз. Бұл сізге тағам әзірлеу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді және онда түрлі тағам дайындай алатын боласыз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста өз тілектеріңізді айтуда батыл болыңыз – серіктесіңіз сізді тыңдауға дайын. Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Әрекет етіңіз. Елмен араласып, жаңа таныстар табыңыз, бастаған жұмысыңыз бен тапсырмаларыңызды аяқтаңыз.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Үйіңізде өсімдік өсіргіңіз келіп жүрсе, бүгін бұған оңтайлы күн болмақ. Суккуленттерді өсіріп көріңіз: кактустар мен хавортияларды өсіру қиынға соқпасы анық. Жақын адамдарыңыздан демалысын/каникулын қалай өткізгісі келетінін сұрап, демалысты алдын ала жоспарлап қойыңыз. Әйтпесе, уақытты босқа жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бұл күн диетаны бастауға, ораза ұстауға, тазарту процедураларын жасауға қолайлы. Бұл процедуралар физикалық денсаулық пен психологиялық әл-ауқатты жақсартады. Дүкендегі жеңілдіктерге мән беріңіз, бүгін сізді тиімді сауда күтіп тұр.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгінгі күнді отбасыңызбен өткізіңіз. Қарым-қатынас жасауға, қамқорлық жасауға, болашаққа бірлескен жоспарлар құруға уақыт бөліңіз. Ұйықтар алдында ұйқыңыз тыныш болуы үшін үй жануарымен немесе жақын адамыңызбен серуендеңіз.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Үй шаруашылығында жақын адамдарыңыздан көмек сұраудан тартынбаңыз. Қиындықтар күтілмейді, бірақ көңіл-күй керемет бола қоймайды. Көп нәрсе мұңды және жағымсыз болып көрінеді, жоспарлардан бас тартуға немесе оларды кейінге қалдыруыңызға тура келеді. Бұл демалғаныңыз дұрыс екенін аңдататын белгі.
Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!