Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

20 жылда болмаған қыс келе жатыр

22.11.2023

1069 0

20 жылда болмаған қыс келе жатыр

Фото: Massaget.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, биыл күз мезгілі кейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жылы болды. Алдағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыс мезгіліне ұқсауы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика бойынша екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Мамандардың айтуынша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларындағы ауа райына Атлант мұхиты аймақтарынан ылғалды ауа массалары әсер етеді. Сондықтан қазақстандықтар үшін 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болуы ықтимал. Дегенмен сарапшылар мұны аномалия деп санамайды.

2023-2024 жылдардың қысы 2001-2002 жылдардағы қыс сценарийіне ұқсас болмақ, яғни жылы және жауын-шашын көп болады. Алдағы қыста Қазақстанда температуралық фон климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтіледі.

«Көпжылдық мәліметтер бойынша қыс жылы болған жылдары орташа температура нормадан 4-10 градусқа жоғары болған», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Синоптиктер Қазақстанда жаңа жылдың басында қар жиі жауатынын болжады. Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында қатты аяз болуы мүмкін. Термометр -17 градусқа дейін төмендейді. Бұл айларда оңтүстік өңірлерде ауа райы нөлден жоғары болады. Метеорологтар биыл көктем де жылы болатынын айтты.

Басқа да жаңалықтарды білгіңіз келсе, біздің Telegram-арнамызға жазылыңыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: