Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі.
Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.
– Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!