2025-2039 жылдар аралығында туған балалар жаңа Бета буынының мүшелері болады. Әлеуметтік зерттеуші және футуролог Марк МакКриндл олардың алдында қандай қиындықтар кезігетінін мәлімдеді. Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Beta буыны өкілдері 2010-2024 жылдар аралығында дүниеге келген Alpha буынының орнын басады.
Зерттеуші Марк МакКриндлдің айтуынша, Beta буыны өкілдері “ауыр әлеуметтік мәселелермен күресетін әлемде” өмір сүреді.
«Климаттың өзгеруін, жаһандық көші-қонды және жылдам урбанизацияны ескерсек, тұрақты даму тек артықшылық емес, күтуге айналады», – деп жазды МакКриндл.
МакКриндлтің сөзінше, 2035 жылға қарай Бета ұрпағы әлем халқының 16 пайызын құрайды. Сондай-ақ бұл ұрпақтың жасанды интеллект басқаратын әлемде өмір сүретінін мәлімдеді.
«Бета ұрпағы жасанды интеллект пен автоматтандыру білім мен жұмыс орнынан бастап денсаулық сақтау және ойын-сауыққа дейін күнделікті өмірге толығымен біріктірілген дәуірде өмір сүреді», – деді зерттеуші.
МакКриндлдың айтуынша, Beta ұрпағының ата-аналары (негізінен Z буыны) әлеуметтік медианы пайдалануда бұрынғыларға қарағанда басқаша көзқараста болуы мүмкін.
«Мыңжылдық ата-аналар балаларының өмірін құжаттау үшін әлеуметтік желілерді пайдаланғанымен, Z ұрпағы әлеуметтік желілерді ерте жастан қолданудың жағымды жақтары мен қиындықтарын жақсы біледі», – деді ол.
Ұрпақтарды зерттеуші Джейсон Дорси Beta ұрпағы пандемиядан кейінгі әлемде дүниеге келетінін бұрыннан білгенін мәлімдеді.
“Бета ұрпағы есейген кезде, X (1965-1980 жылдары туғандар) ұрпағы климаттың нашарлауы сияқты өзекті мәселелермен айналысатын демографиялық топ болады”, – дейді әлеуметтік медиа.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!