Сәрсенбі, 11 ақпан, 20:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026

61 0

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. 

2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.   

3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                 Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан

                   № 1170

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: