Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

25 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

25.11.2023

931 0

Фото: Depositphotos

Жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Сондай-ақ сіз жұлдыз жорамалға сүйеніп, жұмыс жоспарыңызды тиімді құра аласыз және жеке қарым-қатынасыңызды нығайта аласыз. Сонымен қатар күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жұбыңыз екеуіңіз тілектеріңізді бір қағазға жазып, бір-біріңізге тарту етіңіз. Бұл араны жақындастырады әрі кімнің нені қалайтынын осы хаттардан-ақ білуге болады. Кір жуу, киім үтіктеуді кейінге қалдырыңыз, одан да дене мен бет күтіміне уақыт бөлген дұрыс.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жұмыс тапсырмаларыңызға ерекше жауапкершілікпен қараңыз: жұмысқа атүсті қарау мансабыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бір саусағы бүгулі жандар үшін күшіңізді сарп етпеңіз. Сізге нағыз дос емес жанмен қарым-қатынасты тоқтатудың кезі келді.


Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Басқаларға мұқият болыңыз, сонда күн жақсы өтеді. Қақтығыстардан аулақ болыңыз, басқалардың көзқарасын құрметтеңіз және жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз. Жемісті күн: көптеген мәселені шешесіз. Іскерлік келіссөздер жүргізу, жұмыста өсу немесе жаңа ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басталуы. Мәмілені қабылдауға асықпаңыз: анағұрлым қолайлы шарттармен келісім жасауға мүмкіндік бар.


Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіздің кәсіби салаңыздағы білімді жетілдірудің ыңғайлы және қызықты форматын табыңыз. Ол – подкасттар, бейнежазбалар, мақалалар немесе онлайн конференциялар болуы мүмкін. Осылайша сізге нарықта сұранысқа ие маман болып қалу оңайырақ болады. Таңдаулы фотосуреттерді басып шығару және әдемі альбомға орналастыру арқылы телефоныңыздағы суреттердің көшірмесін жасаңыз. Телефоныңыз сынып қалып жатса, сіз өзіңізге қымбат естелік болар суреттерді жоғалтпайсыз.


Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? КонМари тәсілімен үй жинап көріңіз, бәлкім бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі. Өзіңізге күтім жасауды ұмытпаңыз: кешке өзіңізге қажетті шөп шайды ішіп, таңертең дәрумен қабылдау жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік береді.


Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Кішкентай аяқ киім сөресін сатып алыңыз, ол жерге қолайсыз ауа райында серуендегеннен кейін былғанып қалған аяқ-киіміңізді қойып қоюға болады. Осылайша кіреберісте тазалықты сақтау әлдеқайда оңай болады. Ескі доспен кездесу өткен күндерді еске түсіруге көмектеседі. Оған ерекше сыйлық жасаңыз.


Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жаңа және жағымды танысуларды күтіңіз. Бұл күн достықтың немесе тіпті романтикалық қарым-қатынастардың басы болуы мүмкін. Шопинг жасау үшін достарыңызды немесе отбасыңызды өзіңізбен бірге алыңыз, бүгін сізге олардың кеңестері қажет болуы мүмкін.


Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулығыңызды күтіңіз, демалыс күнін ұйымдастырыңыз. Хош иісті майлар қосылған ванна қабылдаңыз, SPA процедураларын жасаңыз, йогамен айналысыңыз. Өмірлік серігіңіз бар болса, бүгін болашақты армандайтын және ортақ жоспарларды белгілейтін уақыт. Бос уақытыңызды қалай өткізуге болатынын, демалыста қайда баруға болатынын ойлаңыз.


Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Сақ болыңыз: созылмалы аурулар маусымға байланысты өршуі мүмкін.


Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Ыдыс жуғаннан кейін шұңғылшаны тазартып отыруды ұмытпаңыз. Бұл асүйіңіздің таза әрі әдемі болуына септігін тигізеді. Өзіңізге және сүйіктіңізге арналған бір дәстүр ойлап табыңыз. Бұл қарым-қатынастағы романтиканы арттырады.


Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Құжаттар жинақталған папкаңызды реттеңіз. Бұл сізге ұнайтын тірлік болмаса да, кейін бәрін реттеп қойғаныңызға риза боласыз. Айналаңызға мұқият қараңыз: дос деп санайтын адамдарыңыздың арасында сізге жамандық тілейтіндер де бар болуы мүмкін.


Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл – барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы. Бүгін танысыңызбен күтпеген жерден кездесіп қалуыңыз мүмкін, қонаққа келіп қалуы да ғажап емес, шайға тәттілер сатып алып қойыңыз.

Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: