Жұма, 27 желтоқсан, 00:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

25 қазанға арналған жұлдыз жорамал

25.10.2023

904 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз соңғы уақытта үнемі апатия мен күйзелісте жүргеніңізді сезсеңіз немесе әрқашан қуанатын нәрсеге риза болмай жүрсеңіз, психологпен кеңесуіңіз керек. Өз эмоционалдық жай-күйіңізді бақылаңыз. Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жаңа және жағымды танысуларды күтіңіз. Бұл күн достықтың немесе тіпті романтикалық қарым-қатынастардың басы болуы мүмкін. Қарым-қатынаста өзара бір ортақ шешімге келу маңызды. Өз пікіріңізді ғана басшылыққа алып, дауласа бермеңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Күн сәтті және көңілді басталады. Оптимистік көзқарас табысқа жетуге көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сізге өзіңізді бағалай білуді үйрену керек, сіз көбінесе кемшіліктерге назар аудара отырып, сыртқы келбетіңіздің артықшылықтарын байқамайсыз. Ескі жамылғылардан құтылыңыз. Орнына әдемісін әрі сапалысын алыңыз. Осылайша сіз күнде жақсы көңіл-күймен оянатын боласыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Нақты жоспарға сәйкес әрекет етіңіз және керемет жетістікке жетіңіз, жаңа перспективалар мен қызықты мүмкіндіктерді көріңіз. Жалғызбасты жандарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Егер сүйіктіңізді таба алмай жүрсеңіз, онда қаймықпаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар, тағдыр сізге қажетті адамды тауып беретіні анық. Күтпеген уақытта күтпеген адамға жолығуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Сөмкеңізде жиналған қоқысты лақтырып, қажет емес нәрсенің барлығын алып тастаңыз, сонда кілттеріңізді, әмияныңызды және ұялы телефоныңызды қажет болған кезде сөмкеңізден тез таба алатын боласыз. Бүгін отбасындағы кикілжіңдерді шешіп, әділ би рөлін атқаруыңыз мүмкін. Жақын адамдар арасындағы кикілжіңдерді шешудің маңызы зор.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Ыдыс жуғаннан кейін шұңғылшаны тазартып отыруды ұмытпаңыз. Бұл асүйіңіздің таза әрі әдемі болуына септігін тигізеді. Достарыңызға тәуелді болмауға тырысыңыз: олардың өз өмірі бар, оларда сізбен сөйлесуге уақыт пен күш-жігер жеткіліксіз болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңіз бар болса, кішігірім жағымды дүниелердің өзіне назар аударыңыз: серіктесіңіздің қаншалықты маңызды және қажет екеніне тағы бір рет көз жеткізесіз. Бүгін танысыңызбен күтпеген жерден кездесіп қалуыңыз мүмкін, қонаққа келіп қалуы да ғажап емес, шайға тәттілер сатып алып қойыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақындарыңызды ауыр сөзбен ренжітіп алмас үшін, оларға жұмсақтық танытыңыз. Өкпе-ренішті ұмытыңыз. Күнді мүмкіндігінше өзіңізге арнаңыз. Бұл сізге энергияны айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бұл сәтті күн болады. Таңертең жақсы жаңалықтар мен тосын сыйлар күтіңіз. Көптен күткен айқындылық пайда болады. Күн тосын сыйларға толы болмақ. Олардың барлығы жағымды емес, бірақ сіз ең қиын сәттерді оңай жеңе аласыз, кез келген жағдайдан шығудың жолын табасыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Созылмалы шаршау сізге бүгін өз пайдсын тигізуі мүмкін, демалып, қалыпқа келу үшін уақыт бөліңіз. Достарыңызбен көңілді болудан қорықпаңыз. Өзіңізге сыни көзқараспен қарау қарым-қатынасты жеңілдетеді және оны жарқын етеді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Жүйкеңіз бен денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз, көбірек демалыңыз. Кешке музыка тыңдап, табиғат аясында демалыңыз. Өміріңізде өзгеріс бар. Бірақ әзірге өзгерістерді, жоспарларды, идеяларды басқаларға бөлісуге асықпаңыз.

Ақпарат көздері: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: