Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

26 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

26.11.2023

903 0

Фото: Almaty.tv

Жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Сондай-ақ жұлдыз жорамалға сүйеніп, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құра аласыз және де жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз. Сонымен қатар күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жаңа хоббимен айналысуға жақсы күн, жаңа бағытқа қызығушылығыңыз оянады. Жақын адамдарыңызға деген ашу-ызаңызды басып, қарым-қатынасты бұзбаңыз. Жағымсыз эмоциялар отбасының ішкі мәселелері емес, сыртқы факторлардан туындайды.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Күн қызықты болады. Шығармашылық көзқарас пен бірегей шешімді қажет ететін идеялар туындайды. Ал үйреншікті жұмыстарды жүргізу әдеттегіден қиынырақ болады. Жағдайды анықтауға көмектесетін маңызды әңгіме немесе кездесу болады. Бұл күнгі оқиғалар сіздің жайлылығыңызды бұзып, жағымсыз сезім қалдыруы мүмкін, бірақ тұтастай алғанда күн айтарлықтай жаман болмайды.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс.Алғаш танысқан кездегі сезімдерді қайтару үшін жылы лебіз танытқан абзал. Сол үшін сыйлық сыйлап, қарым-қатынасыңызда жылылық пайда болуына жағдай жасаңыз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыз бен ата-анаңыздың өзара қарым-қатынасының жақсы болғанын қадағалаңыз. Олардың бірінен бірі үйренері көп. Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Достарыңызды бір шыны кофеге шақырыңыз, саябақта серуендеңіз,сыр ақтаруға уақыт бөліңіз. Сүйіктіңізбен жанжалдасып қалсаңыз, дегеніне көнуге дайын болыңыз. Өйтпеген жағдайда, соңы үлкен түсінбестікке ұласуы мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Достарыңызға тәуелді болмауға тырысыңыз: олардың өз өмірі бар, оларда сізбен сөйлесуге уақыт пен күш-жігер жеткіліксіз болуы мүмкін. Эмоцияларды көрсету қалыпты және дұрыс, бұл туралы отбасыңызбен сөйлесіңіз.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Көптеген қызықты және ерекше идея ұсынасыз, бірақ әріптестеріңіз бен басшыңыз мұны дұрыс қабылдамауы мүмкін. Сол себепті басында өз иделяарыңыздың дұрыс екенін дәлелдеуге тура келеді. Сүйіктіңіз бар болса, оған сезіміңізді білдіріңіз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Шопинг жасау үшін достарыңызды немесе отбасыңызды өзіңізбен бірге алыңыз, бүгін сізге олардың кеңестері қажет болуы мүмкін. Қызықты шаруаға немесе қызықты адаммен кездесуге уақыт табыңыз. Бұрынғы хоббиіңізді еске түсіріңіз.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Қолыңызға күтім жасаңыз: жаңа нәрлі крем сатып алып, өзіңізді қуантыңыз. Сабырлы болыңыз, жанжалдардан аулақ болыңыз. Күрделі мәселелер өздігінен шешіледі. Жақсы жаңалықтарды, күтпеген тосынсыйларды және жақсы ұсыныстарды күтіңіз.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Күн жарқын эмоцияларға толы болмақ. Күннің бірінші жартысы қолайлы: көп іс бітіресіз, барлық жоспарыңызды орындайсыз. Басқаларға көңіл бөліңіз: көмектесіңіз, тілектерін тыңдаңыз, олардың өміріне қызығушылық танытыңыз. Ескі доспен кездесу өткен күндерді еске түсіруге көмектеседі. Оған ерекше сыйлық жасаңыз.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз ұзақ уақыт бойы өз бойыңызға салауатты өмір салтын сіңіргіңіз келсе, дәл қазір бастаңыз: күні бойы су ішуді еске салатын қолданбаны орнатып алыңыз. Серіктесіңіздің қалауына да мән беріңіз, бәлкім ол жұмысқа басымен кіріп кеткісі келетін шығар. Ол кездесуден гөрі жұмысына көбірек мән бергісі келсе, онда ұстамаңыз.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін суретке түсу үшін тамаша күн: сіз сәтті ракурстарды оңай тауып, өзіңізге ұнайтын фотосуреттер жасай аласыз. Күйбең тірлікке асықпаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз.

Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: