Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

28.10.2023

878 0

Қарағанды облысына барған Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

“Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді”, – делінег Ақорда хабарламасында. 

“АрселорМиттал Теміртау” мәліметінше қаза тапқан кеншілердің саны 25-ке жеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келгені туралы жазған едік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: