Сенбі, 21 желтоқсан, 22:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

4 қазанға арналған жұлдыз жорамал

04.10.2023

679 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Үйіңіздегі ескі шамдарды заманауи, энергияны үнемдейтін шамдармен ауыстырыңыз: бұл сіздің бюджетіңіз үшін шағын, бірақ пайдалы инвестиция болмақ. Күн келіспеушіліктер мен жанжалдарға толы, күрделі түсініспеушіліктер болады. Келешегі зор іс болса да, одақтастар табу қиынға соғады. Бұрын көмектесемін деп уәде берген адамдар теріс айналып кетеді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Кафеге немесе мейрамханаға бару үшін сылтау іздемеңіз, өмір тым қысқа, өзіңізді қуантуға себеп іздемеңіз. Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Киім салынған сөрені бір сүзгіден өткізіңіз: керек емес киімдерден босатып, оларды секонд-хендке өткізіңіз. Сіз өзіңізге қай зат расымен қымбат екенін, ал қай зат жай орын алып тұрғанын түсінетін боласыз. Осы демалыс күндері достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, сізде ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін ресурс қалмауы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынасты бұзбау үшін туыстарыңызбен жанжалдаспаңыз. Бірге демалып, уақытты қызықты етіп өткізген дұрыс. Бүгін жаныңызды жеген мазасыз ойлардан арылудың ең жақсы жолы – ойыңызды музыка, аудиокітап немесе подкастқа бұру. Тіпті бір сағат үйде сүйікті әніңізді тыңдау сіздің көңіл-күйіңізге оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Асықпаңыз, бәрін өлшеп, ойланыңыз. Күш-жігеріңізді қалпына келтіріп, айналаңызда не болып жатқанын бағалаңыз. Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды шешімдер қабылдамаңыз, өйткені сіз қателікке ұрынуыңыз мүмкін. Кеңес бермеңіз немесе сыни ескертулер жасамаңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз болашақта сәтсіздікке жол бермеуге көмектесетін баға жетпес сабақ пен тәжірибе аласыз. Бастысы асықпаңыз, сонда күн жақсы өтеді. Істер өз бағытымен жүрсін. Оқиғалар тез дамып жатқан жоқ, бірақ бәрі жақсы нәтиже береді. Әлеуметтік желіден бір күн демалыңыз, бұл сіздің психикалық денсаулығыңызды жақсартуға сеп болады.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Балаңыз жақсы баға алса, онда оны қуантып, жылы лебіз білдіріңіз. Бұл оның сабақта жақсы оқуына көмектеседі әрі ынталандырады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Ұсақ-түйекке алаңдамаңыз, барлық мәселені тез шешіңіз. Кешке таусылмас ойлар мен істер ағынынан үзіліс жасап, демалыңыз. Бүгін еш себепсіз сәндену үшін тамаша күн, жай ғана көңіл-күйіңізді көтеру және айналаңызды өзіңізге тәнті қылу үшін оңтайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін анаңыз жақын досыңыздың рөлінде болуы мүмкін. Барынша ашылып, сырыңызды ақтарыңыз. Жануарлар мен құстарға азық беріңіз, гүлдерді суарып, үй жинаңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Адамдарға ренжімеңіз. Өзіңізде нені өзгерткіңіз келетінін ойлағаныңыз жөн. Ескі достарға қоңырау шалыңыз, ортақ жоспарларды талқылаңыз, оларды қонаққа шақырыңыз. Қарым-қатынас нығаяды, жанжалдар ұмытылады, серіктеспен көбірек уақыт өткізуге деген ұмтылыс пайда болады. Жалғызбасты адамдар жаңа адамдармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады: барынша ашық болуға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бойдақтарға кеңес: егер біреу назар аудара бастаса, құлай ғашық болуға асықпаңыз, алдымен араласып, оны жақынырақ тануға тырысыңыз. Блогерлердің кеңесін аз тыңдаңыз және өз пікіріңізге сенуді үйреніңіз: блогерлер әдетте нағыз сарапшы емес, олар өз аудиториясынан ақша табу үшін жарнама ұсынған болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Достарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Мазаңыз болмай жүрсе, оларға барлығын ашық айтыңыз. Бірақ оларға да өзіңіз қолдау көрсетуге дайын болыңыз. Егер сіз ұзақ уақыт бойы басқа жерге көшуді ойлап жүрген болсаңыз – сіз дұрыс жолдасыз, бұл дұрыс шешім болады.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: