Бейсенбі, 07 қараша, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

5 қазанға арналған жұлдыз жорамал

05.10.2023

657 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Достарыңызға көмектесіңіз, жақсылық қайтып келеді. Олардың біреуі сырын ақтарғысы келсе, мұқият тыңдап, қолдау көрсетіңіз. Тек бет терісіне ғана емес, дене терісіне де күтім жасауға тырысыңыз: себезгіден кейін лосьон қолдану жағымды рәсімге айналуы мүмкін, ал өнімнің жағымды иісі көңіліңізді көтереді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жанжалдар мен ұрыстардан аулақ болыңыз. Өкпе-реніш көп болса да, бүгін мәселені шешудің оңтайлы уақыты емес. Егер сізге немесе сіздің жақындарыңызға дәрі-дәрмек тағайындалған болса, тек дозаға ғана емес, сонымен қатар қабылдау шарттарына да назар аударыңыз: таңертең немесе кешке, аш қарынға немесе тамақтану кезінде және т.б. Бұл препараттың тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Күніңіздің тыныш өтуін қалағаныңызбен, олай бола қоймайды. Қарбалас тіршілік пен мәселені оңтайлы шешу қажеттілігі туындайды. Сізге жауап іздеуге, басқалармен келіссөздер жүргізуге, өтініштерді орындауға тура келеді. Жеке қарым-қатынаста эмоцияларға бой алдырмаңыз. Әйтпесе сіз өзіңіздің сүйікті адамыңызды ренжітесіз. Ашуыңызды құмарлыққа жеңдіріп, ұмытылмас сәттерді өзіңіз жасаңыз

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулығыңызды күтудің оңай жолын көптен бері іздеп жүрсеңіз, шөп шайларына назар аударыңыз. Кез келген дәріханада сіз шайды дәміне қарай таңдап ала аласыз, бұл сіздің денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі. Өтінішпен келгендердің бәрін сабырмен тыңдаңыз. Барлығына көмектесу міндетті емес, бірақ жақсы іс жасау керек.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз компьютерде жұмыс істесеңіз және сізге назарыңызды бір нәрсеге шоғырландыру қиын болса – фондық режимде YouTube сайтынан кез келген lo-fi музыка қосып қойыңыз, бұл өнімділікті арттырады. Сөмкеңізде ерін бальзамы мен қол кремін алып жүруді ұмытпаңыз: бұл терінің құрғауын болдырмауға және өміріңізге жайлылық сыйлауға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Балаңыздың қаржылық сауатын арттырыңыз. Бұны мектепте де, жоғарғы оқу орнында да үйретпейді. Оған банк картасымен жұмыс істеуді үйретіңіз. Болашақта ол сізге риза болатыны анық. Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Әрекет етіңіз. Елмен араласып, жаңа таныстар табыңыз, бастаған жұмысыңыз бен тапсырмаларыңызды аяқтаңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Арқаңызға ауыртпалық түсірмеңіз, спорт тек таңертең пайдалы. Жақсы ұйықтау үшін жаяу жүруді ұмытпаңыз. Фриланспен айналысу мүмкіндігінен бас тартпаңыз: бұл сізге ыңғайлы формат пен кестеде қосымша ақша табудың жақсы тәсілі.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жұмыс күнінен кейін спортпен шұғылданыңыз, су процедураларын қабылдаңыз, декорацияны өзгертіңіз. Айтарлықтай проблема туындамайды. Өз эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Күнделікті істерге көбірек көңіл бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгінде мүлде араласпай жүрген адамдардан қалып қойған қажет емес диалогтар мен хабарламаларды жою арқылы мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хат алмасуларды тазалаңыз. Бұл сізге үлкен қанағат пен жеңілдік сезімін әкеледі. Қарым-қатынаста ашық диалог құру бүгінгі күні әсіресе маңызды болмақ. Сырыңызды ақтарудан қорықпаңыз, сонда ғана серігіңіз ашылады.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз. Кешке күйзеліс тудыратын жағдайлардан аулақ болыңыз, көбірек демалыңыз. Сіз қатты шаршағаныңызды сезінуіңіз мүмкін, бірақ тез қалпыңызға келесіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Кешке компьютер мен смартфоннан өзіңізді аулақ ұстап, демалуды ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында шөп шай ішіңіз. Дене бітіміңіздің кемшіліктерін киіммен жасыруға тырыспаңыз, керісінше артықшылықтарыңызды ерекшелеуге тырысыңыз. Бұл сіздің өзіңізді бағалауға және айналаңыздағы адамдардың сізді қабылдауына оң әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Интерьерді немесе гардеробты жаңарту үшін жақсы уақыт. Жақын достарыңыздың өмірінде өзгерістер болып жатыр. Сол үшін өз өміріңіздегі кей жайттарды өзгертуге тура келуде. Бұл адамдардың кейбірімен еш ойланбастан байланысты үзгеніңіз абзал.

Ақпарат дерекөзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: