Бейсенбі, 06 наурыз, 01:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17, 2130
04.03.2025
PDF мұрағаты

50 млрд теңге: Мал өсіретін шаруаларға жеңілдетілген кредит беріледі

05.03.2025

57 0

Фото: Н.Нұржаубай

 Ауыл шаруашылығында субсидиялаудан жеңілдетілген несиеге көшу процесі жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтып берді деп хабарлайды  KAZINFORM ақпарат агенттігі.

– Мал шаруашылығы саласының толық қаржыландырылмауы ерекше назар аударуды қажет етеді, бұл салаға айналым қаражаты керек. Осы орайда мал шаруашылығының айналым қаражатын толықтыруға 50 млрд теңге сомасында жеңілдетілген кредит жүйесі енгізіледі. Айналым қаражатына арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюын ескере отырып, шаруалардың коммерциялық кредиттері бойынша ставканы субсидиялауды алып тастау ұсынылып отыр, – деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, субсидиялаудан жеңілдетілген кредит беруге көшу жергілікті бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

– Биыл 141 инвестициялық жобаны іске асыру үшін 200 млрд. теңге көзделіп отыр, бұл импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Мемлекет басшысының жеңілдетілген кредитке көшу бойынша тапсырмасына сәйкес, инвестициялық жобалардың басым бағыттарын қамту арқылы, 2026 жылдан бастап қаржы институттарын тікелей субсидиялау механизмін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде, – дейді ведомство басшысы.

Айта кетсек, биыл шаруаларға 700 млрд теңге жеңілдетілген кредит беріледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: