Сәрсенбі, 10 қыркүйек, 18:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

500 тоннаға жуық Сыр дәмі Елордаға жол тартты

10.09.2025

65 0

13-14 қыркүйек күндері Астана қаласында Қызылорда облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай аймақтан 50 жүккөлік Елордаға аттанды. Жалпы жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауар өндірушілері 500 тоннаға жуық өнім түрлерін ұсынады.Сырдың брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жәрмеңкенің көркі болмақ. Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен мәдени-танымдық концерттік бағдарлама өтеді.

– Біздің ұсынып отырған бағаларымыз нарық бағасынан 15-20%-ға төмен болады. Бұл енді елорда тұрғындары үшін де, біздің тауар өндірушілер үшін де тиімді шара болмақ. Шаруашылықтар бұл шараға қуана қатысуда. Айта кету керек, биылғы жылы облыс бойынша 189,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 92,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектар. Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 80,9 мың гектар жерге күріш дақылы егілді. Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: