Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

6 жарым жылға сотталған танымал актердің ағасы даулы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

13.10.2023

925 0

6 жарым жылға сотталған танымал актердің тағдыры кешеден бері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Соңғы 10 ай бойы үйқамақта отырған Асқар Жұмабек президенттен көмек сұрап, жеке парақшасына видео жариялаған еді. Істі болған өнерпаз жігіттің туған ағасы Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

Қоғамда дүр сілкіндірген атышулы оқиға былтыр, яғни 2022 жылдың 28 желтоқсан күні түнгі сағат 2 шамасында Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан караоке-барда болған.       

«Негізі менің інім ол караоке-бардың тұрақты клиенті, қонақ ретінде жиі барып тұратын. Сол күні барған кезде әлгі жағдай болып қалған. Інімнің досы сол караокеде диджей боп жұмыс істейді. Сол сәтте жаңағы дөкейлердің балалары өздерінің оққағарларымен бірге басқа үстелде отырған. Содан сол дөкейдің балалары келіп «Бізге музыканы ауыстырып беріңдер» деп диджейге тиісе бастаған. Диджей жағдайды түсіндіріп, «Күте тұрыңыз, кезегіңіз келеді» деп айтқан. Оған қарамастан олар диджейді ұрып-соға бастаған. Ол 4-5 бала бір адамға жабылып, желкесінен ұстап далаға алып келе жатқан видеода да көрініп тұр. Сол сәтте менің інім дос баласы екеуі сыртта тұрған. Диджей досын біреулер ұрып жатқанын көріп қалып, көмекке барып ажыратпақшы болған», – дейді Ербол Жұмабек.

Дәл осы жанжалдың соңы төбелеске ұласқан. Досына көмекке келген актер жігітті де екінші тарап соққыға жығыпты.   

«Інім таяқ жеп қалды ғой. Еркек болғаннан кейін мінез, намыс бар. Сонымен Асқар да оларға бір-екі шапалағын берген. Ол енді арнайы төбелесуге барған жоқ. Тек қана ажыратпақшы болған. Сондай жағдай болып отыр. Ол негізі әркімнің, әр еркектің басынан өтетін жағдай», – дейді актердің ағасы. 

11 қазан күні Бостандық ауданының №2 сотында келушілерді ұрып-соққан караоке-бар қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шыққан. 

«Сот үкімі шықты, жағдай өте нашар. 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды ғой. Сол төбелеске қатысқан күзетші балалар бар, диджей бала бар, барлығына бірдей – 6 жыл 6 айдан мерзім берді. Отбасымызбен бәріміз қобалжып отырмыз. Қолдан келгенше көмектестік, бәрін істедік. Адвокатымыз бар. Ол кісілер де шамасы жеткенше, қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Ендігі қадам ел президентінен көмек сұрау, 15 күнде аппеляциялық шағым беру. Қайтадан заңды түрде қараса екен деп отырмыз. Басқа енді ешқандай мүмкіндік болмай тұр», – деді Ербол. 

Ағасының айтуынша, сот үкімі кезінде жаза арқалаған жігіттердің әрқайсысы жәбірленуші тарапқа 1 және 1,5 миллион теңгеден төлеу міндеттелген екен. Айта кетейік, соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: