Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Абай облысында өрттен қаза тапқан төрт баланың ата-анасына екі бөлмелі пәтер беріледі

31.10.2023

484 0

Аягөзде қаза тапқан төрт баланың ата-анасы екі бөлмелі пәтер алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аягөзде өрт кезінде төрт баласынан айырылған ата-аналар баспанасыз қалғаны белгілі болды. Әкімдік балаларды жерлеуге көмектесті және уақытша баспана беруге уәде берген.

“Бүгінгі таңда екі бөлмелі пәтердегі жөндеу жұмыстары аяқталуда, ол жақында отбасына беріледі. Пәтер толығымен жиһаздалған және жақында дайын болады”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Еске сала кетейік, Бұған дейін Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде көміртегі тотығына уланып, көз жұмғаны айтылды. Кейін балалардың аттары мен олар туралы тың деректер пайда болды. 

Кейінірек полиция төрт баланың өліміне қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: