Жұма, 01 тамыз, 02:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Адам саудасымен күрес – ортақ міндет

31.07.2025

75 0

30 шілде – Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні. Бұл күн әлемнің көптеген елдерінде адам саудасының алдын алу, оған қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі ақпараттық-насихаттық шаралармен атап өтіледі. Осыған орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Азамат Мыңбаев пен облыстық Полиция департаментінің өкілі, полиция подполковнигі Әділхан Шопанов өңірде адам саудасының алдын алу, құрбандарды анықтау және оларға кешенді әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету бағытында атқарылып жатқан нақты жұмыстар мен құқық қорғау шаралары туралы мәлімдеді.

– Адам саудасына қарсы күрес – біздің басты басымдықтардың бірі. Биыл облыста бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес екі рет «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып, қала мен аудандардағы құрылыс нысандары, қонақ үйлер, сауналар сияқты орындарда тұрақты тексерулер жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындарға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Адам саудасының құрбандарына қолдау көрсету бағытында нақты шаралар қабылданып, оларға баспанамен, тамақпен және медициналық көмек көрсетілуде. Үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті билікпен бірлесе отырып, мобильді топтар құрылып, ауылдық жерлерде де түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Біз алдағы уақытта да адам саудасына қарсы күресті одан әрі күшейтіп, қоғамымыздың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз. Қызылорда облысының Полиция департаменті бұл маңызды іске үлкен жауапкершілікпен қарап, халықпен ашық әрі тиімді ынтымақтастық орнатуда,-деді Адилхан Қалдыбекұлы.

Адам саудасы – қазіргі қоғамдағы маңызды әрі өзекті мәселе. 

– Бұл қылмыспен күресу үшін кешенді және үйлесімді шаралар қажет. Қызылорда облысында адам саудасының құрбандарына жан-жақты қолдау көрсететін арнайы орталықтар жұмыс істейді. Оларда әлеуметтік, медициналық, құқықтық, психологиялық, еңбек, мәдени, педагогикалық және экономикалық көмектер көрсетіледі. Өткен жылы 12 адамға, оның ішінде 3 балаға, ал биылғы есептік кезеңде 22 адамға, оның ішінде 9 балаға қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда 8 адам, оның ішінде 3 бала, көмекті жалғастыруда. Облыста «116 16» және «150» жедел желілері тұрақты түрде жұмыс істейді, ол арқылы тұрғындар құқықтық және психологиялық кеңес ала алады. Сонымен бірге, мобильді топтар профилактикалық іс-шаралар мен ақпараттық жұмыстарды жүргізуде. Жыл басынан бері құқық қорғау органдары адам саудасының алдын алу бағытында бірнеше іс-шара өткізді. Құрбандарға қажетті көмек көрсетіліп, олардың құқықтары қорғалуда. Алдағы уақытта да адам саудасына қарсы күрес жалғасын тауып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі, –деді Азамат Амантайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: