Бүгін Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде кәсіпкер Асылан Бақытбектің жеке қаражаты есебінен салынған жаңа қонақүйдің ашылу рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
«Қазалы ауданында айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асуда. Биылға аудан бюджеті 18 млрд. 900 млн. теңге болып бекітілсе, нақтыланған бюджет көлемі 27 млрд. теңгеге жетті.
Мұнда Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 1 медициналық, 4 ауыз сумен қамтамасыз ететін, 5 әлеуметтік нысан құрылысы басталған болатын. Шалғайдағы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбекке таза ауыз су жеткізілді.
Жаңадан ашылған қонақүйдің қызмет сапасы жоғары, табысы берекелі болғай», – деді Қ. Нұртай.

Рәсімде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, кәсіпкер жобаны жүзеге асыруға жеке қаражаты есебінен 500 млн. теңге салған. Ғимарат қазіргі заман талаптарына сай, ресепшн аймағынан бастап қонаққа жайлы етіп жасақталған, 17 бөлмесі (37 орын), кездесулер мен іс-шараларға арналған конференц залы, лаундж аймағы бар.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
