Жұма, 21 ақпан, 01:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

«Әкімдер мектебі» жобасы аясында оқу курстары басталды

18.02.2025

182 0

Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей сайланған әкімдердің жаңа санаты – сайланбалы басқарушылар пайда болғанын, олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ басқа да мамандар бар екенін атап өтіп, Үкіметке «AMANAT» партиясының тәжірибесін ескере отырып, «Әкімдер мектебі» оқу жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

«AMANAT» партиясы мен Үкімет ауылдық округ әкімдерін оқытуға бағытталған «Әкімдер мектебі» жобасын бастады. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды. 

"Әкімдер мектебі" жобасы аясында оқу курстары басталды

Іс-шараға бейнебайланыс арқылы өңірден партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов,облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жанмұрат Сейілов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК облыс бойынша филиалының директоры Ақзада Мадалиева қала, кент және ауыл әкімдері қатысты.

«AMANAT» партиясы бастамашылық еткен және Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесіп, іске асырып отырған «Әкімдер мектебі» жобасы еліміз бойынша 2400-ден астам аудандық және ауылдық округ әкімдерін қамтитын болады. 
Оқу курсы ауылдардың экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу және оларды тәжірибеде қолдану әдістемесін үйретуге бағытталған. Сондай-ақ әкімдер өз ауылдарының өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйренеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: