Сәрсенбі, 31 желтоқсан, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды

31.12.2025

43 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.


Аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 108,8 пайыз, бағаны тұрақтандыру мақсатында тауарлық интервенция жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беріліп, жәрмеңкелер ұйымдастырылады .
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 2 916 тонна өнім бар, 9 808 тонна өнімді жеткізуге келісімшарт жасалған. Оның ішінде 8 162 тонна көкөніске форвардтық келісім жасалып, бүгінгі күнге дейін 2 448 тоннасы жеткізілді. Қалғаны өндірушілер қоймасында сақталып, бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылдың наурыз айына дейін кезең-кезеңімен әкелінеді.
Бағаны тұрақты ұстау және сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауын қамтамасыз ету үшін жергілікті сауда орындарымен келіссөздер жүргізілуде. Жыл басынан бері апта сайын 158 жәрмеңке өткізіліп, онда 4 900 тонна өнім сатылды.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 260 кәсіпкерлік субъектісін тексеріп, 49-ын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде соңғы 6 аптада баға индексі 99-100 пайыз деңгейінде тұрақты сақталып келеді.
Ішкі нарықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыруда 62,1 млрд теңгенің 37 инвестициялық жобасы іске асырылуда.
Аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бағаны бақылау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: