Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бюджет қаржысының игерілуі, «Артспорт» бағдарламасы, жол жөндеу, құрылыс жұмыстары және республикалық бағдарламалардың орындалу барысы талқыланған жиын өткізді. Аймақ басшысы жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік маңызы бар нысандарды сапалы салу әрі кестеге сай мерзімінде бітіру жұмыстарын қатаң бақылауға алу, 5 наурызға дейін барлық әлеуметтік нысандағы кемшіліктерді жоюды міндеті жүктелді.
– Елді мекендердің тазалығы үнемі бақылауда болуы тиіс, соңғы 20 жылда салынған ғимараттар бойынша жауапты мекемелермен кездесіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Тазалыққа және абаттандыруға қатысты жұмыс қарқынын күшейтетін мезгіл жақындады. Қала және аудан орталықтарындағы ғимараттардың сыртын жөндеп, көгалдандыруды белсенді түрде қолға алу, апта сайын сенбіліктер ұйымдастыру керек,– деді Н.Нәлібаев
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!