Бейсенбі, 25 желтоқсан, 22:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Әскери-патриоттық жұмыс бойынша республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

25.12.2025

36 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.


Өңірде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Облыс әкімдігінің «Әскери- патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді. Барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары жанында «Жас сарбаз» қозғалысы бар, 3 мың жас облыстық қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.
Биыл «Жас сарбаз» қозғалысы білім беру ұйымдарында 70-тен аса патриоттық шара өткізіп, оған 10 мыңға жуық жасөспірім қамтылды. Әскерге шығарып салу, ардагерлермен кездесу, «Ерлік сабағы», «Біртұтас ел – біртұтас жер» шаралары тұрақты өткізіліп келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: