Дүйсенбі, 05 мамыр, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

Әскерилердің тамақтану нормасы қайта қаралады

05.05.2025

21 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстанда әскери қызметкерлердің азық-түлік пайкасының құны қайта қаралады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген ресми жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе Қорғаныс министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобының қарауында тұр. Топ құрамына Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енген.

Жұмыс тобы 2023–2024 жылдардағы статистикалық мәліметтерді ескере отырып, азық-түлік пайкасының қазіргі құнын қайта есептеп жатыр. Сонымен қатар, пайканы есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша бірыңғай ұстанымдарды әзірлеу де күн тәртібінде тұр. «Оның ішінде әскердің өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге көшу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр», – делінген премьер-министрдің жауабында.

Бұдан бөлек, азық-түлік құнының инфляция мен нарықтағы баға өзгерістеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде түзетіп отыру тетігі енгізілуі мүмкін. Бұл ретте, азық-түлік сапасы мен жеткізілу барысын қоғамдық ұйымдардың тарапынан бақылау тетіктері де қарастырылып жатқаны атап өтілді.

Айта кетейік, бұған дейін бір сарбазды тәулігіне тамақтандыруға 2 225 теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Бұл көрсеткіш қазіргі экономикалық жағдай мен нарықтағы баға өсімі аясында қайта қаралуы әскердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: