Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 11:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15.12.2025

52 0

Фото: Egemen.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айбек Смадияров СІМ баспасөз хатшысы қызметіне 2018 жылы тағайындалды, бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. Ал 2023 жылдың маусымынан бері СІМ коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

2025 жылғы ақпаннан бастап ол Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы және сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі қызметін атқарған.

Бұған дейін ол СІМ жүйесінде он жылдан астам жұмыс істеді. Ол Қазақстанның Венгрия мен Вьетнамдағы елшіліктерінде қызмет атқарған. II санаттағы кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Айбек Смадияров 1983 жылдың 7 шілдесінде (42 жаста) Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ді «құжаттанушы/халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған, Қазақстан мен Түркия СІМ-дерінің біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген.

«Дипломатиялық қызметке 25 жыл», «Дипломатиялық қызметке 30 жыл» медальдарымен, сондай-ақ «Жылдың үздік баспасөз хатшысы» және «Мемлекеттік органдар арасындағы үздік баспасөз қызметі» (2022, 2023) төсбелгілерімен марапатталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: