Сәрсенбі, 30 шiлде, 02:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Аймақ активінде кадрлық өзгерістер таныстырылды

29.07.2025

129 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштеріне, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, зиялы қауым өкілдері және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы тағайындалғаны хабарланды.

Мейрамбек Зинабдинұлы 1972 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1994 жылы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары білім, тілдерді дамыту басқармаларының, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе, Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасары жауапты қызметтерін абыроймен атқарған.2024 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Қазалы ауданының әкімі лауазымында болды.

Аймақ басшысы Мейрамбек Зинабдинұлына өңіріміздің қоғамдық-саяси ахуалын қатаң бақылауда ұстап, білім, мәдениет, спорт, дін, қоғамдық даму салаларындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.

Актив отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Сейтқалиұлы, Руслан Рүстемұлы, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген Шахмардан Асқарұлы Байманов Іскерлік басқару магистрі бағдарламасы аясында бизнес мектебіне оқуға түсуіне байланысты осы лауазымнан босатылды.

Жиында Шахмардан Асқарұлына Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Ол қызмет барысында білім, мәдениет, спорт, дін және қоғамдық даму салаларына жетекшілік етті.

Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, жастар қозғалыстары және діни конфессиялармен тығыз байланыс орнатты. Мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалардың өңірде жүзеге асырылуын тиімді үйлестірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: