Дүйсенбі, 25 тамыз, 17:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63,2176
23.08.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Аралдағы жол құрылысымен танысты

25.08.2025

58 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов Арал ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар кезінде Арал қаласындағы Бақтыбай батыр көшесінің автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Аталған жобаның сметалық құжаттамасы 2023 жылы әзірленген. Құны 1 млрд 604,9 млн теңге, мердігері «Арал құрылысы» серіктестігі. Қазіргі таңда Байқоңыр көшесінен І.Жүсіпов көшесіне дейінгі аралықта ескі асфальт жабындысы қырылды. Жол тегістеліп, қиыршық тас, асфальттың бірінші қабатына қара қиыршық тас жайылуда.Жоба аясында 2,3 шақырымдық көшеге ені 12 метр асфальт төселеді.

Сонымен қатар жолдың екі жағынан ені 1,5 метр жаяу жүргіншілер жолы салынып, түнгі жарықшамдар мен аялдамалар орнатылады. Әбілқайыр хан көшесінен №260 орта мектепке дейінгі аралықта ені 5,5 метр асфальт төселіп, 4 бағдаршам жаңартылып, 1 жаңа бағдаршам қойылады.

Аймақ басшысы мердігер мекемеге негізгі талап сапа мен жұмыстың уақытылы аяқталуы екенін ескертті. Құрылыстың әр кезеңін бақылауда ұстап, белгіленген мерзімнен кешіктірмеуді қатаң тапсырды.

Аймақ басшысы Аралдағы жол құрылысымен танысты

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: