Бейсенбі, 22 қаңтар, 22:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы ауруханаға жапсарлас салынған жаңа ғимаратты көрді

22.01.2026

45 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тлеумбетов, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Қожаниязов Арал аудандық ауруханасына жапсарлас салынған 51 төсектік ғимаратты көріп, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы ауруханаға жапсарлас салынған жаңа ғимаратты көрді


Ғимарат құрылысын «Ұлт саулығын нығайту» ұлттық бастамасы аясында қайтарылған активтер есебінен бөлінген 2,3 млрд теңге қаржыға «Иман» серіктестігі салды. Жаңа нысанда 17 төсектік нейро-инсульт және 34 төсектік кардиология бөлімшелері жұмыс істейді.
Алдағы уақытта орталықты заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, атап айтқанда,магниттік-резонанстық томография және ангиограф қондырғыларымен жабдықтау жоспарланған. Бұл бөлімшелер аудан тұрғындарының Ақтөбе және Қызылорда қалаларына бармай-ақ, жергілікті жерде жоғары деңгейлі медициналық тексеруден өтуіне, ем алуына мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы ауруханаға жапсарлас салынған жаңа ғимаратты көрді


Айта кетейік, Арал ауданындағыинфрақұрылымдық жобаларға және әлеуметтік нысандар салуға бюджеттен 38 млрд 740 млн теңге қаржы бөлінді. «Келешек мектебі», «Руханият орталығы», «Қамқорлық» оңалту орталығы, 150 пәтерлік 75 тұрғын үй, теміржол үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді.
Сексеуіл кенті табиғи газ желісіне қосылып, мұнда да 300 орындық «Келешек мектебі» мен 40 төсектік аурухана іске қосылды. Тоқабай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория, демеушілердің қолдауымен апатты жағдайдағы мектептің орнына 500 млн теңгегежаңа білім ошағы салынды. Жақында елді мекен таза ауыз сумен қамтылды.

Аймақ басшысы ауруханаға жапсарлас салынған жаңа ғимаратты көрді


Ақшатау ауылында 60 орындық жаңа мектепшәкірттерін қабылдады. Ақбасты, Ерімбетжаға және Тастүбек ауылдарына орталықтандырылған ауыз су желісі тартылды. Ал Абай ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жақын күндері толық аяқталады.

Аймақ басшысы ауруханаға жапсарлас салынған жаңа ғимаратты көрді


Шижаға елді мекеніне де табиғи газ келді,Қамыстыбас ауылында 6 млрд 300 млн теңге қаржыға автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылды. Аталған станса арқылы Арал ауданына қарасты 18 елді мекендегі 15 мыңға жуық тұрғынды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік бар.
Жыл басында Мергенсай ауылында құрылысына 2 млрд 333 млн теңге қаржы бөлінген 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен аудан аумағындағы теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: