Сейсенбі, 03 ақпан, 18:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы кинорежиссер Рүстем Әбдірашовпен кездесті

03.02.2026

51 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кинорежиссер, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының иегері Рүстем Әбдірашовпен кездесті.

Аймақ басшысы кинорежиссер Рүстем Әбдірашовпен кездесті


Кездесуде режиссер отандық кино өндірісінің бүгінгі жай-күйі, күрескер тұлғалар туралы тарихи фильмдер түсіруге қатысты жоспарын бөлісті. Қазақстандық киноиндустриядағы ең табысты картиналар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Кинематография туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің бүгінгі бағыты туралы әңгіме қозғады.
Рүстем Әбдірашев суретші ретінде еңбек еткен «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері Мемлекеттік сыйлыққа ие болған. 2004 жылдан бері кинорежиссердің «Қаладан келген қыз» фильмі ТМД және Балтық елдеріндегі, «Шәкен жұлдыздары» кинофестивальдерінің бас жүлдесін, «Золотой витязь» фестивалінде «Ең үздік режиссура» номинациясымен марапатталған. «Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен XV халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алды.
«Құрақ көрпе», «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Алмас қылыш» фильмдері көрермен мен сыншылардың жоғары бағасына ие болған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: