Сенбі, 21 желтоқсан, 22:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Корея Парламентінің депутатымен кездесті

03.11.2023

733 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасы Парламентінің депутаты У Вон Сик бастаған делегация өкілдерімен кездесті.Аймақ басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтіп, делегация сапарының жемісті әрі нәтижелі болуына тілектестік білдірді.

Аймақ басшысы Корея Парламентінің депутатымен кездесті

«Өзіңізге белгілі, екі ел Президенттері арасындағы келісімге сәйкес 2021 жылы тамыз айында Хон Бом Доның сүйегі тарихи отанына қайтарылған болатын. Бұл – Қазақстанның корей халқына деген шынайы ықыласы мен зор құрметінің белгісі. Атқарылған жұмыстар Қазақстан мен Корея арасындағы байланыстардың одан әрі дамуына жаңа серпін берді. Сеул, Тэчжон және Чончжу қалаларына жоспарланған ауқымды бағдарлама аясында корей тарапы делегациямызды жылы қарсы алып, жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты кездесулер мен іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университеті президентімен кездесуде білім және ғылым саласында тиімді байланыстар орнатылды. Өзіңіздің бастамаңызбен Қызылорда қаласында Қорқыт ата университетінің базасында жасанды интеллект мектебін құру мәселесі мақұлданған болатын. Мектепте жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика саласында жоғары білімді кадрлар даярланады. Бұл әріптестік инновациялық технологияларды дамытуға, озық тәжірибе алмасуға жол ашатыны сөзсіз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде, У Вон Сик мырза облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін жеткізді.Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Корея Республикасы Парламентінің депутаты қайта жаңғыртудан өткен Хон Бом До мемориалдық кешенімен танысып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректорымен кездеседі деп жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: