Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллинмен кездесті. Кездесуде өңірдің ауыл шаруашылығы саласында, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейін ең алғашқы қол қойған Жарлығы «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» екені белгілі.
Ауылдарды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі болғандықтан, Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне субсидияларды, басқа да қаржылай қолдауларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды тапсырды. Басты меже – ауыл халқының табысын, өмір сүру сапасын арттыру.
Бүгінде аймақта 447 мың тұрғын, яғни халықтың 53 пайызы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бекітілген арнайы әдістемеге сәйкес, 59 тірек, 43 спутник елді мекен айқындалған. 2022-2024 жылдары 78 ауылда 31 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржыға 343 әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды», – деді аймақ басшысы.
Кездесуде Аян Талғатұлы «Ауыл» партиясының алдағы кезеңге арналған жоспарына тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бастамаларға қолдау білдірді.
Айта кетейік, өңірде 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Филиалдарда 81 мыңнан астам азамат тіркелген. «Ауыл» партиясының 12 мыңнан астам мүшесі бар. Облыстық мәслихаттағы 3, қалалық мәслихаттағы 1, аудандық мәслихаттардағы 11 депутат «Ауыл» партиясынан сайланған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
