Жексенбі, 15 наурыз, 08:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы: Мереке күндері коммуналдық қызмет сапалы әрі үздіксіз көрсетілуі тиіс

15.03.2026

28 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен басқармалардың, коммуналдық мекемелердің басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері, жауапты сала мамандары қатысқан жиналыс өтті.

Аймақ басшысы алдағы міндеттерді айқындап, бірқатар тапсырма жүктеді.

«Демалыс күндері коммуналдық қызметтердің үздіксіз әрі сапалы көрсетілуін қадағалау керек. Тұтынушыларда суға, жарыққа, жылу мен газға қатысты мәселе туындамауы тиіс.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыстың барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу керек», – деді Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ, жиналыста облыс аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы сараланды. Аудандарда жүзеге асырылуы тиіс жобалар, құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау, нысандарды уақытылы пайдалануға берудің маңыздылығы айтылды.

Аймақта экологиялық бағдарлама аясында санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде.

Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлер демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жөндеуден өткізілуде.

Демеушілер және бюджет қаражаты есебінен Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Қорқыт ата мемориалды аллеясы мен Президент саябағы қайта жаңғыртылды. Оларға заманауи спорт, ойын алаңдары, модульдік-санитарлық пункттер, арнайы эко-бокстар орнатылды.

Қазіргі таңда Президент саябағы аумағында жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін 300 орындық балалар тынығу лагері мен ботаникалық білім беру орталығы, Сырдария өзені үстінен Президент саябағын қаламен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі салынуда.

Бұл жұмыстар аудандарда да жүйелі жолға қойылған, жаңа демалыс орындарын, аллеяларды, көшелерді абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары қарқын алған.
Өңірде біркелкі дизайн код бекітіліп, облыс орталығынан бастап елді мекендердегі мекеме ғимараттары, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналары архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.

Ауылдарда қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындарды тазалық шараларына ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіледі. Бұл маңызды жобаға соңғы үш жылда 2 млрд. 64 млн. теңге бөлініп, үздік атанған елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.

Айта кетейік, аймақта тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытына басымдық берілгендіктен, 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. 2023 жылдан бері барлық ауданда алғаш рет 1800-ге жуық пәтер тұрғындарға берілді. Өткен жылы 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Кезекте тұрған тұрғындарға 2 392 пәтер табыстау үшін 57 млрд. 440 млн. теңге жоспарланған.

Ерекше атап өту қажет, былтырдан бері Қызылорда қаласында заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз, он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: