Дүйсенбі, 22 қыркүйек, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71, 2184
19.09.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы «Orda Glass Ltd» шыны зауытының басшылығымен кездесті

22.09.2025

36 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі – «Orda Glass Ltd» табақша шыны өндіру зауытының бас директоры Цай Го мырзамен кездесті. Кездесуде зауыттың ағымдағы жұмысы, өндірістік қуаты және алдағы инвестициялық жобалар талқыланды.

Айта кетейік, «Orda Glass Ltd» зауыты 2022 жылы Индустрияландыру бағдарламасы және «Бір белдеу – бір жол» Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жобасы аясында іске қосылған. Жылдық қуаттылығы 197,1 мың тонналық бұл кәсіпорын – республикадағы табақша шыны өндіруші жалғыз инновациялық зауыт. Жобаны жүзеге асыру үшін 42 млрд теңге шетелдік инвестиция тартылған.

Зауыт іске қосылғаннан бері өнімінің 70%-ы ішкі нарыққа бағытталса, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузия елдеріне экспортталуда.

2023 жылы облыс әкімінің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарының нәтижесінде былтыр жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіретін жаңа желі іске қосылды. Жобаның инвестициялық құны 15 млн АҚШ доллары.

Облыс әкімдігі зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық қолдау көрсетуде кешенді шаралар атқарып келеді. Өз кезегінде қытайлық инвестор құны 55 млн АҚШ доллары болатын, екі кезеңнен тұратын жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлаған.

Шыны зауытының жұмысы аймақта ілеспе өндірістердің дамуына серпін берді. Алдағы уақытта айна, бөтелке және шыңдалған шыны шығаратын зауыттар ашылмақ. Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, шыны кластерін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ импортты алмастырып, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бастамалар облыстық бюджетке қосымша кіріс әкеліп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға жағдай жасайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: