Сейсенбі, 02 қыркүйек, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65, 2178
30.08.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді

02.09.2025

64 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы құрылыс алаңдарын аралап, нысандар мен көпірлердегі жұмыс барысын көріп шықты.

Алдымен «Сыр ана» монументі жанындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір жобасымен танысты. Ұзындығы 312,2 метрлік көпірдің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ал аспалы көпірді күрделі жөндеуді «Кыран» ЖШС қолға алған. Қазір ұзындығы 4,489 шақырым, ені 5-13 метрлік нысандағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Одан кейін, аймақ басшысы жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Инвестор «Акса энерджи» түрік компаниясы орталық құрылысына 137 млрд.теңгеден астам инвестиция құйды. Жоба аясында 2 газ турбиналық қондырғы, 95 МВт-тық бу турбинасы, 2 бу, 4 жылу қазандығы салынады. Бүгінде құрылыстың 70 пайызға жуық жұмысы біткен. Бұдан бөлек, бюджет есебінен 15 млрд.теңгеге орталыққа дейінгі 45 шақырым газ құбыры, автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Мұнда 1200-ден астам адам және 130 арнайы техника жұмыс жасауда. Жұмысшылардың негізгі бөлігі – жергілікті тұрғындар. Станцияны осы жылдың ІV тоқсанында іске қосу жоспарланған. Бірінші кезекте 1 газотурбиналық қондырғы мен 2 жылу қазандығы, 2026 жылы қалған қондырғылар қосылады. Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, өңірдің энергетикалық әлеуетін едәуір күшейтіп, ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз қалайды.

Аймақ басшысы сол жағалаудағы жаңа облыстық тарихи-өлкетану музейінің алдында сол қатардағы құрылыс жұмыстарын қолға алған мердігер мекемелер басшыларымен кездесті. Құрылыс барысында ең бірінші кезекте сапа мен мерзімнің маңызды екенін, халық күткен жаңа ғимараттар мен нысандардың уақытылы пайдалануға берілуі керектігін ескертті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: