Жұма, 01 тамыз, 02:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

31.07.2025

122 0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің бойындағы Қызылорда су торабына барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты.

1956 жылы іске қосылған стратегиялық маңызды нысан аймақтың ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Су торабы арқылы Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарындағы 120 мың гектар суармалы алқап, 250 мың гектар жайылым мен шабындық суарылады.

Сонымен қатар, гидротехникалық кешен тасқын судың алдын алу және өзен ағысын реттеу міндетін атқарады.Қызылорда су торабы республикалық меншікте, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК теңгерімінде. Нысанның су өткізу қуаты жаз айларында 1200 м³/сек, қыс мезгілінде 500-600 м³/сек.Су торабы арқылы «Сол жаға» және «Оң жаға» магистральді каналдарына су жеткізіледі. «Сол жаға» каналы 225 м³/сек су өткізе алады, 90 мың гектар жерді қамтиды, оның 45 мың гектары – күріш егістігі. Ал «Оң жаға» каналының жобалық қуаты 110 м³/сек. Бұл арна арқылы Қызылорда қаласы аумағындағы бау-бақша, шабындық және жайылымдық алқаптарға су беріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: