Жұма, 09 мамыр, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Ұлы отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

08.05.2025

15 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетті.

Ардагерге Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Дәстүрге сай иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров 1942 жылы майданға аттанған. Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан. «Қызыл жұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендері мен бірнеше медальдың иегері, елдің батагөй ақсақалы. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге, қатары сиреген қарт майдангерлерге құрмет көрсетуге ерекше мән берілуде.

Аймақ басшысы Ұлы отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Аймағымызда Жеңіс күнін атап өтудің іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, оларға теңестірілген ардагерлер мен соғыс жылдары кемінде алты ай еңбек еткен тыл ардагерлеріне төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері жыл сайын артып келеді.

Бүгінде Қазалы және Сырдария аудандарында 2 ҰОС ардагері тұрады. Оларға 5 миллион теңгеден берілсе, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен мүгедектерінің төлемі 40 АЕК-тен 50 АЕК-ке ұлғайтылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: