Жексенбі, 24 қараша, 09:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Аймақ экономикасында өсім бар

31.10.2023

443 0

Жыл басынан бері аймақта әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 763,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артса, өңдеу өнеркәсібі де биыл 15,8 пайызға артық орындалған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков айтты.
-Өсім негізінен тамақ өнімдерін өндірудің 3,1%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің 13,5%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің 13,7%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндірудің 21,6%-ға, металлургия өндірісінің 36%-ға және машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатудың 38,9%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілген. 2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын, 199 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарланған, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: