Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақ үшін маңызды жоба

11.09.2023

401 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент қабылдауында болғанда да, өткен жылдың соңында Үкімет басшысының Сыр өңіріне сапары кезінде де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің Ақтөбе бағытындағы жағдайға тоқталып, жолды екі жолақтыдан төрт жолақтыға ауыстыру бастамасын қолдауды сұраған еді.

Өйткені халықаралық дәліздің осы бағытында жол-көлік оқиғалары, адам өлімі көбейіп барады. Үкімет басшысы мән-жайға қаныққан соң, министр М.Қарабаевқа жоба жасау жөнінде тапсырма берген болатын.ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің «Ресей Федерациясы – Мәртөк – Ақтөбе – Ұлғайсын – Қызылорда» автожол учаскесін 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа ауыстырудың жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу басталғанын хабарлады.Министрдің айтуынша, осы кезге дейін зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілген. Жолдың ұзындығы 566 шақырым, шамамен 3 млрд 300 млн долларға жуық қаражат жұмсалады. Премьер-министр жобаны келер жылдың басында бастауға тапсырма берді.Облыс әкімі Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі мәжілісте бұл жобаның аймақ тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.«Енді министрлікпен байланыс орнатып, жұмысты бастап кету керек. Бұл – Мемлекет басшысының назарындағы өте ауқымды жоба. Президенттің Үкіметке берген тапсырмасы орындалып, жұмыс алға жылжитын болды. Ең бастысы – жолдың кеңейтілуін халық күтуде. Өйткені адам өмірі – біздің ең басты құндылығымыз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Еске салсақ, өткен жылы облыс бойынша жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 82 пайызға жеткізілген. Биыл бұл көрсеткішті 87,5 пайызға жеткізу міндеті қойылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: