Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақта жаңа жылу электр орталығының іргетасы қаланды

07.12.2023

594 0

Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Жақында Қызылорда қаласында жаңа жылу-электр орталығының іргетасы қаланды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

«Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба – жылу-электр орталығының құрылысы біздің аймақта басталды. Құны 215 млрд теңге болатын орталық 2025 жылы ел игілігіне беріледі. Бұл электр энергиясын сырттан сатып алудан арылуға, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік береді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақта жылу беру маусымы тұрақты өтуде, 1067 әлеуметтік нысан мен 855 көпқабатты тұрғын үй жылу жүйесіне толық қосылған.Баспанамен қамтудың да оңтайлы шешімі табылған. Биыл облыс көлемінде барлығы 4170 пәтерді құрайтын 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде биыл 2500-ге жуық пәтер табысталып, аймақта 11 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: